Bugin
Жан жүрегі мейірімге толы, адалдықты ту еткен болмысы бөлек жан еді
Ғазиза Мәкешқызы – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" орденінің иегері. Жаны жайсаң, жұмысына адал Ғазиза 72 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабар кино әлемін ойсыратты. Орны толмас өкінішке ортақпыз.
1948 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген. Консерваторияның соңғы курсында оқып жүріп, 1969 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына жұмысқа қабылданады.
1970 жылы Қазақ Ұлттық консерваториясында бұрынғы Алматыда "актерлік шеберлік" мамандығын тәмамдаған.
1969 жылдан бастап 1993 жылы аралығында театрда қызмет атқарған.
1993 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына актерлік бөлімге ауысады.
1994 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында "актерлік шеберлік" мамандығына дәріс оқиды.
Сонымен қатар, "Біржан сал", "Айналайын", "Тоғысқан тағдырлар", "Ләйләнің зары" және тағы басқа 17-ден астам фильмге түскен.