Bugin

63 097 адам: Шымкент вакцина салдырудан төмен көрсеткіш көрсетіп тұр

Сонымен қатар, өткен тәулікте КВИ-дің 114 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 69, белгілері жоқ - 45). 38 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 76 адам үй бақылауына алынды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында өткен тәулікте ковид инфекциясына қарсы 2756 адам вакцина салдырды. Ковид-19 бойынша өткен штаб отырысында, күніне кемі 10 000 адам вакциналаудан өтіп отыруы керек делінген-ді.  Ал егу науқаны басталғалы барлығы 63097 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 6795 адам вакцинаның екі компонентін алған. 

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда. 18 сәуір күні 411 нысанға (403 кәсіпкерлік, 8 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
 
Сонымен қатар, өткен тәулікте КВИ-дің 114 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 69, белгілері жоқ - 45). 38 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 76 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1010 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, Атамекен клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын), төсек-орын толымдығы – 45%,  551 төсек-орын бос. Инфекциялық стационарда 459 науқас емделуде (КВИ-284, пневмония-163, ЖРВИ-12).