Косметика өнімдері сыналатын жануарлар туралы мультфильм шықты

АҚШ-тың жануарларды қорғау қоғамы косметика өнімдері сыналатын жануарлар туралы әлеуметтік мультфильм шығарды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Америкалық жануарларды қорғау қоғамы косметиканы жануарларға сынауды тоқтатуға шақырып, «Ральфты құтқар» атты қысқа анимациялық фильмін шығарды. Мультфильмнің басты кейіпкері – зертханалық қоян Ральф, оның оң көзі көрмейді, үнемі шырылдап отыратын оң құлағы естімейді. 

Ральф деректі фильм түсірушілерге өзінің ата-анасы, бауырлары мен балалары сияқты сынақ жүргізуге арналған қоян екенін айтады. «Олардың барлығы өз жұмыстарын орындау барысында қайтыс болды. Маған да солай болады. Бұл – қалыпты жағдай. Біз қиындық көру үшін дүниеге келдік. Бұл қояндарды бақытты етеді», - деді ол. Осы сөздерден кейін Ральф көз жасына ерік береді, кейін оның үйінің төбесін адамның қолы сындырып, қоянды сынақ жүргізуге апарады. Сынақтан Ральф мүлдем соқыр болып, жүні мен терісі зардап шегеді.

Көру қабілетінен айырылған және аурудан қиындық көрген қоянды Тайка Вайтити, қалған рөлдерді Рики Джервейс, Зак Эфрон, Оливия Манн және т.б. дыбыстады. Мультфильмнің режиссері – Спенсер Сассер, Лана Дель Рейдің "Summertime Sadness" атты әніне бейнебаян түсірген.