Әлемді өзіне қаратқан Опра Уинфри: қиындықтар мен жетістіктер

"Мен сәтсіздіктерге сенбеймін"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі кезең – ақпараттың үстемдік құрған уақыты. Сондықтан журналистер, масс медиа мамандарына артылатын жауапкершілік ерекше. Бірақ, бәсекелестік артқан сайын танымалдылық үшін қара пиарға жүгінетін жандардың көбейгені көңілге дақ түсіреді. Ал өзінің қайталанбас сөйлеу мәнері, стилі, жаңашылдығымен танылған журналистер ұзақ уақытқа ел жадында сақталады.

Сондай тұлғалардың бірі – қара нәсілді тележүргізуші, продюсер, актриса – Опра Уинфри. Әйгілі Гарри ханзада мен Меган Марклдан сұқбат алған Опраның балалық шағы қиын жағдайда өткен. Кедейлік пен түрлі төмендетулерге қарамастан, Опра 12 жасында мектепке барады. Дегенмен, қиыншылықтар оны қайтадан берілуге мәжбүрлейді. Опраның әкесі қызының білім алғанын қалайды. Сондықтан, Опра өзіне мол жетістіктер әкелген ораторлық шеберлікте оқып, кейін Теннеси штатындағы университетке түсуге мүмкіндік алады.

Еңбек жолын CBC арнасынан бастаған Опра Уинфри қазіргі таңда бизнес леди, өз күшімен миллиардқа ие болған бірінші афроамерикандық, «Золотой глобус» премиясының иегері. Опра Уинфри әйелдер қауымы үшін кеңес беруші ғана емес, идеал тұлғаға айналған. Бағдарламаны жүргізудегі өзіндік мәнері, позитивті эмоциялары, шынайы болмысы – оның басты ерекшеліктерінің бірі.

Аңызға айналған «The Oprah Winfrey Show» бағдарламасын түрлі тақырыптық шығарылымдарсыз елестету қиын. Мысалы, «Oprah is book club» бағдарламасы көрермендерін бестселлер авторларымен таныстырып қана қоймай, халықты көбірек оқуға шақырады. Ал «Oprah is Favorite things» бағдарламасы арқылы көрермендер түрлі жаңа жылдық сыйлықтарға ие бола алады. Сондай-ақ Марком Консуэлос, Эли Вентворт, Гэйл Кинг сынды ұжымдастырымен бірге жүргізетін «Friday is live» жобасы – көптің қошеметіне ие болған ерекше туындылардың бірі.