Bugin
Оңтүстік өңірлерде күн суытады
Елімізде сәуірдің 20-22 жұлдызына арналған ауа райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
«Жауын-шашынның қарға ұласуына және елдің солтүстік жартысында ауа температурасының төмендеуіне себеп болған Скандинавия түбегінің аудандарынан келген суық антициклон Қазақстан арқылы жылжуын жалғастырады.
Енді оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, сондай-ақ кей жерде 3 градусқа дейін аяз болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.