Bugin

"Суға мұқтаж аудандар қамтамасыз етіледі"

Жыл басынан бері Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2 және Жаңатұрлан, Батыс пен Жаңаталап шағын аудандардың ішкі ауыз су жүйелерінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында биылғы жоспар бойынша 3 магистралды және 9 тұрғын алаптың ауыз су құбыры жүргізіледі. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

"Осы бағыттағы жұмыстарға 15,6 млрд теңге көлемінде мемлекеттен қаржы қаралып отыр. Осының есебінен 26 мыңға жуық адам ауыз суға қосылып, көрсеткіш 98 пайызға жеткізіледі деп жоспарланып жатыр" , – дейді әкімдік баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2 және Жаңатұрлан, Батыс пен Жаңаталап шағын аудандардың ішкі ауыз су жүйелерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, 4,48 шақырымды құрайтын Көмешбұлақ, 9,37 шақырым және 10,61 шақырым болатын 3 магистралды суаққының құрылысы жүргізіліп жатыр.