Bugin

Түркістан әуежайын 69 млрд теңгеге жөндейді

Азаматтық авиация комитеті Қазақстанда бірқатар әуежайлардың жаңғыртылатынын мәлімдеді. Жалпы, жобалар Шымкент, Орал, Өскемен, Үржар, Үшаралда жүзеге асырылатын болады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сондай-ақ, Түркістан әуежайының маршруттық желісін ұлғайту шаралары да қарастырылған. Мәселен, бүгінде Түркістан халықаралық әуежайына шамамен 69 миллиард теңге инвестиция салынды.

Шымкент әуежайының жалпы инвестиция көлемі 12 миллиард теңгені құрайды. Жеке инвестор - SCAT (8,9 млрд теңге инвестициялады) - заманауи жабдық сатып алып, құрылысын жалғастырып жатыр.

Сонымен қатар, Орал әуежайындағы аэровокзал кешені қайта құрылады. Жоба құны 6,6 миллиард теңгені құрайды.

Одан бөлек, Өскемен, Үржар, Үшарал әуежайындағы ұшу-қону жолақтары қайта жасалатын болады.