МӘДЕНИЕТ
Латын әліпби және қазақ тілі
Мүсірепов таңдай қаққан байлығына,
Мақатаев тең көрген бақытына,
Қазақ тілім оралымды, ырғақты
Елдігімнің айналдың тұғырына.
***
Елбасымыз жаһандану жолында,
Болу үшін әлеммен бір толқында
Қазақ тілін танытып бар әлемге,
Ғаріптерді таңбалатты латында.
***
Бұл не үшін керек дейсіз қазаққа,
Орысшадан тілді дараламаққа.
Тіл ел үшін – мәдениет, қашанда
Көшбасшысы елім ұмтыл жаһанданбаққа!