МӘДЕНИЕТ
Қазағым, көз сал байтақ жеріңе,
Талай нәубет жара салып өтпеді ме?
Төздің ғой, қасқайып та қарсыластың
Рухтанып Жер-Анадан тайталастың.
***
Әр қасық қан нұр болып қайтты еліңе,
Құрбан болған батырлар да ел есінде.
Байырғыда Керей менен Жәнібек хан
Қазақ үшін бостандық жолын ашқан.
***
Ей Қара Жер, не бір сұмдық болмады сенің төсіңде ?
Шапқыншылық , аштықтар әлі де ел есінде.
Жасы сіңген жеріме аналардың жылаған
Бұл далада зиялы даналардан жан шыққан.
***
Тәуелсіздік жолында бабалар не көрмеді?
Өз жерінде өгей болып тентіреді.
Отаршылдық һәм езгіге бермеді бой,
Көз салғандар кең жерге көп болды ғой.
***
Тыныштықтың құны осы, сенесің бе?
Қазақстан – егемен ел, Евразия жүрегінде
Төрткіл дүние таныған қазақ елі
Еділ мен Дунай арасы байтақ жері.
***
Әлихан дербестікті мақсат еткен,
Елбасы бұл арманды ақ таң еткен.
Зиялылар армандаған азаттығын ,
Алаш жұрты, расында, азат бүгін.
***
Тәуелсіз болған тоқсан бірдің соңында,
Тұғырлы ел келді биыл отызға.
Тарихта із қалдырды үш он жылдық,
Еңселі де беделді елге айналдық.
***
Биіктерге қарашы – ашық аспан,
Халқымыздың татулығы жарасқан.
Бірлігі бекем елдің қадамы нық.
Қазақстан, туыңды биікке тік!
***
Әлі алар асуың алда елім,
Бақытымның бірі сен деп білемін.
Дербестігін құраған ар - намыстан,
Жасай бер, жаса тәуелсіз Қазақстан!