Австрия Ресейден "Спутник V" вакцинасын сатып алмақшы

"Біз 1 миллион дозаны сатып алуға дайынбыз"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейде вакцинация науқаны 2020 жылдың 5 желтоқсанынан бастау алды. Бүгінде ресейліктердің  "Спутник V"  атты препаратын  50-ге жуық ел қолдайды. Бұл вакцина Гамалеяның электрохимия ғылыми орталығында дайындалды. Бүгінгі күнде, бұл препарат – әлемдегі адамның аденовирусы негізіне тіркелген алғашқы вакцина. Сонымен қатар, Ресей өнімі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізімі бойынша үздік ондыққа кіреді. Осыған байланысты Австрия елі де "Спутник V"  вакцинасын сатып алмақшы. 
"Біз 1 миллион дозаны сатып алуға дайынбыз. Себебі, бұл препарат 50 шақты елде қолданылады. Егер тіркеу жылдам аяқталса, біз үшін адамдардың өмірін сақтап қалуға үлкен мүмкіндік туар еді. Халық қалыпты өміріне оралып, жұмыс орындары ашылады!" ,– деп мал мәлімдеді Себастьян Курц.