Travel
Тарихи қаланың тағдыры
Түркияның шығыс бөлігінде орналасқан Хасанкейф қаласы су астында қалады деген болжам жасалуда.
Оған себеп – осы өңірде салынып жатқан су электр станциясы. Билік бөгеттің елді электр мен жерді суаруға арналған сумен қамтамасыз ететінін айтты. Сыншылар бұл жоба қаладағы мәдениет ошақтарын, неолит дәуірінен қалған үңгірлерді, тарихи орындарды жойып, өңірдің экосистемасын өзгертіп жібереді деп қауіптенуде. Сондай-ақ 600 жылдық минарет те су астында қалуы мүмкін. Ал тұрғындар мен жергілкті саудагерлер мәселенің тек тарихта ғана емес, табиғатқа да орасан қауіп бар екенін айтып отыр. Сонымен қатар тарихи аймаққа аяқ басатын туристердің есебінен саудасы дөңгелеп отырған жергілікті тұрғындар жаңа жерде ондай жағдайдың болатына шүбәлі. Үкімет саудагерлерге жаңа базар соғып бермек. Түркия бұл жобаны бұған дейін жүргізуді жоспарлаған болатын. Бірақ, түйткілді мәселе тек 2006 жылы шешімін тауып, содан бері осы жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп келеді.
Хасанкейф қаласы 90%су астында қалады. 12 жылдық тарихы бар қала талай өркениетті басынан өткерген. Енді келесі толқын оны тек су астында көруі мүмкін.