Bugin
Иммунитет қалыптастыруға вакцинацияның ықпалы зор
Үкіметтің онлайн-отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжамын бөлісті деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.
"Оптимистік сценарий бойынша вакцинация кестеге сәйкес жалғасатын болса, бір тәулікте 3 мыңға дейін жұқтырғандар (коронавирус-ред.) тіркеліп, сәуір айының соңында шарықтау шегіне жетеді деп күтіледі. Реалистік сценарий бойынша бір тәулікте жұқтырғандар 4 мыңға дейін жетіп, мамырдың ортасында шарықтау шегіне жетуі мүмкін", – деді Алексей Цой.
Министрдің айтуынша, вакцинация эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырмайды. Өйткені иммунитетті қалыптастыру үшін уақыт қажет.
"Бұл індеттің ауыртпалығын, қатарымызды сирететінін және вакцина бізге не беретінін түсінуіміз керек. Біз екінші жыл шектеулер жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Адамдар аттап басқан сайын инфекциядан сақтанудан шаршады. Бірақ, тағы да қайталаймын, бұрынғы өмірге оралудың жалғыз шарты – бұл вакцинация арқылы иммунитет қалыптастыру. Тек вакцина ғана бізге қозғалыс еркіндігін қалпына келтіруге және кең тыныстауға мүмкіндік береді", – дейді Денсаулық сақтау министрі.
Дереккөз: Nege.kz