Bugin

Маск миллиардтарынан айырылды: Tesla электрокары Алматыда аварияға ұшырады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Forbes Real Time рейтингіне сүйенсек, Илон Маск бір тәулікте 5,1 миллиард долларынан айырылды. Оған себеп - екі адамды өмірінен айырған жол-көлік оқиғасы. 2021 жылдың 18 сәуірінде автопилот режимі қосулы болған Tesla көлігі ағашқа соғылады. Машина жоғары жылдамдықпен келе жатқан. Ең өкініштісі, алдыңғы және артқы қатарда отырған екі пассажир көз жұмды. Илон Маск көлікте автопилот режимі қосылмағанын айтты. Алайда тергеу әлі аяқталмады. Сондықтан шын мәнінде аварияға не әлде кім себепкер болғаны белгісіз.

Ал 20 сәуірде Алматыда Tesla көлігі аварияға ұшырады. Бірақ бұл оқиғада Lexus IS Tesla-ға соғылады. Tesla-ның иесі автоматиканың арқасында көлік өзі тепе-теңдік сақтап қалып, көше бордюрының жанына барып тоқтайды. Жол-көлік оқиғасында ешкім зардап шеккен жоқ.