Батыс Қазақстан облысы

Оралда әйелін 18 рет пышақтап өлтірген күдікті қамауға алынды

Оқиға 19 сәуір күні Орда көшесінің бойында орналасқан марқұм азаматшаның жұмыс орнында болған. Кейін ерлі-зайыптының ажырасып кеткені белгілі болды. Күдікті бұрынғы әйелінің жұмысына барып, қақпаның сыртына шақырып алған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сол жерде оны 18 рет пышақтаған. Әйел ауруханада көз жұмды. Жедел іздестіру жұмыстары кезінде полиция аса ауыр қылмыс жасады деген айыппен күдікті ретінде Орал қалалық ТҮКШ бөлімінің қызметкері Бауыржан Хайруллиннің қамауға алынғанын хабарлады. Ол оқиға орнынан бой тасалап үлгерген. 30 жастағы азамат қылмыс болған күні жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазыпты. Бұл жөнінде бөлім басшысы Жандос Дүйсенғалиев мәлім етіп отыр. Кейін Хайруллиннің бұрынғы әйеліне осыған дейін де зорлық-зомбылық жасағаны белгілі болды. Пышақ жарақатынан көз жұмған Айнагүл Хайруллина 29-қаңтарда күйеуінің үстінен арыз жазған. Бірақ артынан арызын кері қайтарып алыпты. Ерлі-зайыптылар ресми түрде ажырасқан.

Алдын ала болжам бойынша айыпталушының осындай әрекетке баруына қызғаныш себеп болуы мүмкін. Айнагүл қаладағы зауыттардың бірінде жұмыс жасаған. Марқұм 8 және 6 жасар екі баланың анасы болған. Қазіргі кезде ер адамның үстінен ҚР ҚК-нің 99 бабының 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.