Bugin

"Зорлансаң да, кешіруге міндеттісің!": зорланған хиджабтағы қызға қойылған талап

Алматы облысы, Қарасай аудандық сотында қызды зорламақ болды деген айыппен ҰҚҚ қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алайда күдікті жәбірленушінің үстінен қарсы арыз жазған.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жәбірленуші Айя Өмірзақованың қорғаушысы Жанна Уразбахованың айтуынша, жәбірленуші өзін зорламақ болған күдіктіге кешірім бермеген. Ал енді күдікті бойжеткеннің өзін “Моральдық өтемақы алып, кешірім бермеді”, - деп айыптап, алаяқтық бойынша сотқа бергені белгілі болды.

“Болған істен кейін күдікті енесімен бірге менің клиентімнің үйіне келген. Оған келтірілген шығын ретінде ақша лақтырған. Үйленген, үш баласы барын айтып, аяушылық білдіруді сұраған. Бойжеткен арызын алудан бас тартқан.

Ойланып қараңыздаршы, күштік құрылымның қызметкері бойжеткенді қатыгездікпен ұрып-соғып, оны зорламақ болып, өлтіремін деп қорқытады. Ол куәгерлердің арқасында ғажайып түрде аман қалады. Ал енді алаяқтық бойынша қылмыстық істің жауапкеріне айналып отыр”, - деп жазды Жанна Уразбахова.