Bugin

Туберкулез болмаса да Навальныйды тубдиспансерге жатқызды

Бүйрегі ауырған Навальныйдың жағдайы нашар. Оппозиционердің әйеліне жіберілген дәрігердің хаттамасы, қан анализінің қорытындысы әлеуметтік желіде таралып кетті.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Навальныйдың жақтастары "Ресейді құтқару - Навальныйды құтқарумен тең" деп халықты көтеріліске шақырды. Әлемдік жұлдыздар жаппай Путинге хат жазды. Олар Навальныйға медициналық көмек көрсетілуін талап етті. Алайда бұл ситуацияға байланысты қайта шешімге шығаруға тиіс сот Путиннің көмегімен жоғарыға көтерілгені анықталды. Ол сот Навальныйды Владимирдегі тубдиспансерге көшірді. Бүйрегі ауырып жатқан Навальныйдың туберкулезді емдейтін емханаға жатқызылғаны халыққа ұнамады. Емхана өз кезегінде мекеме ресми түрде тубдиспансер болғанымен барлық ауру бойынша көмек көрсететін жалпы соматикалық аурухана екендерін түсіндірді. Алайда олар Навальныйдың емхананың нақты қай бөлімінде ем алып жатқанын телефонмен айтудан бас тартты.