Bugin

"Балаңызбен құрдас болыңыз": Саясат Нұрбектен кеңес

5 жасқа дейінгі тәрбие баланың бүкіл өміріне азық болады. Егер сол кезеңде баланы оқытып, тоқытып жұмсай білсеңіз, оның соған еті үйренеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Саясат Нұрбек – саясаткер, заңгер, үш баланың әкесі. Саясат Нұрбектің бала тәрбиелеудегі кеңестерін сіздерге ұсынамыз.

"Егер балаңыздың үлкен азамат болып өскенін қаласаңыз, онда оған сондай қарым-қатынас жасаңыз. Оның ойымен санасыңыз. Сұрақтарына өз құрдасыңызға жауап бергендей ашуланбай, ашық жауап беріңіз. Ұмытпаңыз, алдыңызда жеке тұлға отыр", –дейді заңгер.

Баланы еркелетудің де өз жөні болғаны дұрыс. Тым қатты еркелік баланың тұлға болып қалыптасуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Бала егер өзіне кішкентай сәби ретінде қарағанына үйреніп қалса, өзін жеке азамат ретінде сезінуі қиынға соғады. Ал өзін тұлға ретінде сезіне білмеген адамның үлкен өмірге қадам басуы да қиын болады.

Оның басқаларға ұқсамайтын дарынын, жеке қасиеттерін байқай білу – ата-ананың ең басты міндеті. Бұл баланың туа бітті мінезіне байланысты анықталатын дүние. Мәселен, балаңыз ширақ әрі энергияға толы белсенді болса, оны спортқа беріп көріңіз. Бірақ тек сонымен шектеліп қалмай жеткіншектің басқа мүмкіндіктерін де сынап көріңіз.