Ресейлік жігіт қытайлық фанаттардың қуыршағына айналды

Шанхай университетінде оқитын 27 жастағы Владислав Иванов ресейлік «Фабрика звезд» шоуына ұқсас қытайлық «Produce Camp 2021» таланттар шоуына кездейсоқ тап болды. Ол жобадан кеткісі келеді. Бірақ келісімшарт бұған жол бермейді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Владивостоктың тумасы сатушы және модель ретінде жұмыс істеп, соңғы кездері Жапониядан келген телешоу қатысушыларына қытай тілінен сабақ беріп жүрді. Алайда бағдарламаны бастамас  бұрын бір қатысушы жетіспейтіні белгілі болды. Сөйтіп Владиславқа қатысу ұсынылды. Ол келісіп, жобада ұзақ уақыт қалмайтынына сенімді болды. Себебі ол ән айтып, би билей алмайтын. 

Produce Camp 2021 мақсаты - көрермендердің дауыс беруі арқылы 11үздік орындаушыны таңдау. Жеңімпаздардан бойз-бенд жасақталады. Нәтижесінде әлемдік турнеге аттанады. 

Владиславқа анимэ кейіпкерінің құрметіне Лелуш деген лақап ат берілді. Ол жобадан кетуге асық. Бірақ кетсе, айыппұл төлейді. Вокалдық қабілеті нашар әрі би билей алмаса да, Владислав дауыс бойынша келесі кезеңге өтті. Әлеуметтік желіде тіпті #лелушкебостандық хэштегімен акция басталды. Бірақ қазір Владислав көрермендердің сүйіспеншілігінің арқасында 23 сәуірде өтетін шоудың финалына өтті. Болашақта ол қалауына қарай келісімшартқа қол қоймауы да мүмкін.

Иванов Владивостокқа жақын арада оралмайды. Ол Қытайда орыс стиліндегі киім брендін құруды армандайды. Оның Қытайдағы танымалдылығы бұл бастамасында көмек болары сөзсіз.