Bugin

Әлемдегі ең ерекше мамандықтар

"Естімеген елде көп" демекші, жер-жерде езуіне еріксіз күлкі үйіретін әртүрлі мамандық иесі бар. Сіз ол туралы білесіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәселен ерекше жұмыстардың бірі – құшақтаушы. Еуропа елдерінде өзінің ыстық құшағына қысып, көңіл-күйіңізді көтеретін адамдар күніне 60 АҚШ долларын алады. Психологтардың айтуынша, адамдар бір-бірін құшақтағанда ерекше бақытты болады екен...

Ал Лондон мен Манчестер қалаларындағы "Holiday Inn" қонақүйлер желісінде "төсек жылытқыш" деген қызмет бар. Ол адам сіз кереуетке жайғасқанға дейін жатын орныңызды жылытып, сол арқылы тезірек ұйықтауыңызға жағдай жасайды.

Қытай мемлекетінде құлақ тазалаушыларға сұраныс зор. Олар үшін бұл – қалыпты жұмыстардың бірі, ешқайсысы бұған таңғалмайды. Мұндағы мамандардың айтуынша, құлақ тазалау ағзаның сауығуына, жалпы көңіл-күйдің жақсы болуына кәдімгідей әсер етеді.

"Кәсіби кезекте тұрушы" деген қызметті естіп көрдіңіз бе? Ұлыбританияда бұл қызмет түрі дамығаны соншалықты, сағатына 24 АҚШ долларын төлейді. Халық уақытын үнемдеп, жүйкеге де салмақ түсірмейтін  бұл қызметке деген қызығушылық мұнда баршылық.

Әлемде сіз естімеген мамандықтар баршылық. Және оларға деген сұраныс күннен-күнге көбейіп жатыр.