Bugin

Қазақстаннан Ресейге көшкен отбасы орыстардан жәбір көріп жүр

Ресейдегі Түмен қаласына Қазақстаннан көшіп барған отбасы жергілікті тұрғындардан жәбір көріп жүргенін айтты. 2021 жылдың наурыз айында түмендік оқушылар 5-сыныпта оқитын қызды соққыға алған. 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Төбелес әлеужеліде тез тарап кеткен. Қолданушылар басында бұл жағдайды айыптаса, қазір "қыздың өзі кінәлі" деп отыр. 

Кейін қыздың (мектепке жаңадан келген) осы оқиғаға дейін мектепте зәбір көргені белгілі болды. Мектеп оқушысының анасы Татьяна баласының неге кінәлі екенін түсінбейді. Оның қызы сыпайы, шахмат пен жүзумен айналысады дейді.

Бар мәселе – отбасының Қазақстаннан көшіп келгені. Татьяна оларға деген "арнайы" көзқарасты бірден байқайды. Алдымен ер балалар балаларын мазақтаған. "Сендер Қазақстаннан келгенсіңдер" деп айтатын. Кейін қыз балалар да қосылды. 

Татьяна бұл мәселені мектеп әкімшілігімен шешуге тырысқан. Алайда, сынып жетекшісі мен әкімшілік көмектесуден бас тартқан. "Бұл – сіздің жеке мәселеңіз. Өзіңізге өзіңіз проблема жасап жүрсіз", – деп жауап берген әкімшілік.

Айта кетейік, төбелестен кейін кішкентай қыздың іш қуысының ішкі мүшелерінің көгеруі, бүкіл денеде көгеру, сондай-ақ жамбас аймағындағы жарақат тіркелді. "Қазір қызым хирургтың бақылауында. Операция қажет болады", - дейді Татьяна.