Bugin

Ер адам әйелдің басын балтамен жарып, кейін өзі асылып қалған

Полиция қызметкерлері жәбірленушіден арызды қабылдамаған. Оның орнына ер адамнан әйелге жақындамаймын деген қолхат алыпты. 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атыраулық келіншек алдыңғы айда ер адаммен танысқан. Еркек бірден бірге тұрайық деп ұсыныс тастапты. Алайда келіншек 4, 11, 13 жасар қыздары болғандықтан келіспеген. Ал еркек әйелдің соңынан қалмай, 6 сәуір күні ұрып тастапты. Бұл туралы "НеМолчиKz" қоғамдық фондының жетекшісі Дина Таңсәрі желідегі парақшасында жазған

12 сәуір күні куәгерлердің көзінше ер адам әйелді күшпен көлігіне отырғызып алып кеткен. "Жалаңаш видеоңды түсіріп аламын" деп қорқытып оны үйіне кіргізіп алған. Кейін зорлап, оны таксимен үйіне әкеліп тастаған", – дейді Дина Таңсәрі.

Полиция қызметкерлері жәбірленушіден арызды қабылдамаған. Оның орнына ер адамнан "әйелге жақындамаймын" деген қолхат алыпты. 

Алайда, 15 сәуір күні ер адам үйге баса-көктеп кіріп, әйелге күш көрсеткен. 16 сәуір күні сот еркекті 2 тәулікке қамауға алған. Ал 20 сәуір күні ер адам қайта келіп, әйелді белгісіз затпен басынан ұрып (қыздары балта дейді), өзі дәретханада асылып қалған. Қазір әйелдің жағдайы өте ауыр.