Bugin
Осыған дейін баланың анасы полиция назарында болған. Әйелдің 2 баласы бар.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Алматыда полиция аялдамадан табылған кішкентай баланың анасын іздестіріп жатыр. Полицейлердің айтуынша, анасы баланы бірнеше рет қараусыз қалдырған. Бұл туралы Bugin.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп хабарлайды.
Бала, шамамен, 2 жаста. 19-нан 20 сәуірге қараған түні баланы Солтүстік айналма жолындағы аялдамадан ер адам тауып алған.
"Түнде баланы ер адам үйіне апарған. Бала лас киім киіп алған, балаға күтім жасалмаған. Ер адам балаға таза киім беріп, тамақтандырған. Полиция қызметкерлері жедел жәрдем шақырып, баланы №2 балалар клиникалық ауруханасына жеткізді. "Мама" дегеннен басқа бала ештеңе айтпайды, атын да атай алмады ",–дейді Алматы қаласының ПД.