Bugin
Желіде Қызылодада 500 000 теңгеге таласқан тұрғындардың видеосы тарап жатыр. "500 000 теңгені не үшін беріп жатыр? 500 000 теңге таратып жатқаны рас па?" деген сұрақтардың туындағаны анық. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін Balbal.kz сайтында жарияланған мақаланың үзіндісін беріп отырмыз.
Ал, дәл қазір өз ісіңізді бастауға деген қызығушылық бойыңызда оянса, «Атамекеннің» ұйымдастырып жатқан «Жас кәсіпкер» мен «Бизнес бастау» жобаларына қатысуға кеңес береміз. Бұл жобалардың артықшылығы, сізге берер пайдасы – жас кәсіпкерге қажет барлық мағлұматты, білімді сізге 21 күн ішінде береді. Ақысыз негізде сіз тәжірибелі бизнес-тренерлерден сабақ аласыз. Білімге ден қойғаныңыз үшін шәкіртақы да аласыз. Онымен қоймай, бизнес-жоба дайындап үйренесіз. Арнайы сертификатқа ие боласыз. Егер де бизнес-жобаңызды жақсы қорғап шықсаңыз (комиссия алдында) ойыңызды жүзеге асыруға мемлекеттен 505 000 теңге көлемінде көмек аласыз. Бұл қарызға берілген сома емес. Мемлекеттің бизнесіңізді қолдауға берген қайтарымсыз қаражаты. Егер де үш ай көлемінде сәтсіздікке ұшырап жатсаңыз, ештеңе жоғалтпайсыз. Өзіңізге қажет үлкен тәжірибе жинақтайсыз.
Жобаларға қатысу үшін екі-ақ құжат өткізесіз. Олар жеке куәлік көшірмесі мен мекенжай анықтамасы.
«Жас кәсіпкер» жобасына қатысыңыз. Талаптар мынадай:
Ал егер жасыңыз 29-дан асып кетсе, алаңдамаңыз. «Бизнес бастау» бағдарламасына қатысушыларға жас мөлшері бойынша шектеу қойылмайды. Ал, жалпы талаптар тура жоғарыда атап көрсетілгендей. Егер де қосымша сұрақтарыңыз туындаса, «Атамекеннің» ыстық желісіне 1432-ге қоңырау шалсаңыз болады.