Bugin

Депутат: "Еден жуушылардың жалақысын көтеру керек!"

Мәжіліс өкілі ұсыныс тастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеру керек. Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов үкіметке осындай ұсыныс жолдады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Депутаттың сөзінше, қазіргі кезде санитарлар, ассистенттер, еден жуушылар, жедел жәрдем қызметінің көлік жүргізушілері, мұражай, өнер, кітапхана, мұрағат саласындағы қызметкерлер айына 70-75 мың теңге көлемінде жалақы алады.

Ал, балабақша мен мектепте жұмыс істейтін техникалық қызметкерлердің еңбекақысы 50 000 теңгеден аспайды. Кейінгі 5 жылда бұл көрсеткіш өзгерген жоқ. Инфляцияның салдарынан бұл азаматтардың тұрғын үй ипотекасын алуға мүмкіндігі болмай жатыр.

Осыны ескеріп, депутат Раманқұлов техникалық қызметкерлерге қатысты әділдік танытуды сұрады.