Қазақстан жаңалықтары

Дикий Арманға имам неге алғыс айтты?

Дикий Арман ақыр заман туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Арман Жұмагелдиев қазақстандықтарға «Дикий Арман» деген лақап атпен белгілі. Ол Instagram парақшасында Шымкент медресесіне және мұқтаж жандарға көмек көрсеткендігі жайында видео жариялады. 

«Рамазан-челлендж бастадық. Қасиетті айда қайырымды іс жасаудың жақсылығын көпшілік біледі. Егер әрбіріміз ең болмаса бір мұқтаж жанға көмектессек, көпшілік разы болады. Оның үстіне берген адам алған адамнан екі есе қуанышқа бөленеді.

Қайырымды істі көбірек жасайық, ол Ақыр заман күні жарық береді. Алланың қалауымен бұл айда әр апта сайын 150 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бұдан да көп адамға көмектесеміз деп ойлаймын», – деп жазды қылмыс әлемінің серкесі.

Видеода имам «Бастаманы бастап жатқан, «әр қазақ – жалғызым» деген Арман Жұмагелдиев бауырымызға Алла тағала разы болсын. Шетте жүрсе де қазақтың басын біріктіріп, 150 отбасына көмектесті. Алла Тағала разы болсын ол кісіге» деді.