Bugin

Тарихи үкім: Дерек Шовин кінәлі деп табылды

Афроамерикалық Джордж Флойдты өлтірді деп айыпталған полицей кәнілі деп табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұрынғы америкалық полиция қызметкері Дерек Шовин барлық айыптау бойынша, соның ішінде афроамерикалық Джордж Флойдты ұстау кезінде абайсызда өлтіріп қойғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл шешімді сейсенбіде америкалық Миннеаполис алқабилер соты шығарды. Ол 40 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Үкім 8 аптадан кейін шығарылады. 

Алқабилердің шешімі сот үкімін тағатсыздана күткен Флойдтың жақындарының көңілінен шықты.

Латония Флойд, Джордж Флойдтың әпкесі: "Оның сот ғимаратынан, менің ағам сияқты кісен тағып шыққаны, оның бұдан былай күші жоқ екенін айтып тұрғандай көрінді. Ол енді басқармайды, ағам басқарады (жағдайды басқару туралы айтқаны болуы керек -ред.)".

Джордж Флойд 2020 жылдың 25 мамырында Шовин оны тұтқындаған кезде тұншықтырудан кейін қайтыс болды. Полицияның іс-әрекеті АҚШ-тағы жаппай наразылықтар мен тәртіпсіздіктерді тудырды. Олардың қатысушылары құқық қорғау органдарын нәсілшіл деп айыптады және полиция жүйесін реформалауды талап етті.

Шарптон, азаматтық құқық қозғалысының жетекшісі: "Біз адамның түрмеге отыратынына қуанбаймыз. Біз Джордждың тірі болғанын қалар едік. Бірақ біз бұл оқиғаны мереке ретінде атап өтеміз, өйткені ақ және қара нәсілді жастар, олардың көпшілігі полицияның іс-әрекетінен зардап шеккен және бүгін кешке олар осында, бұндай жағдайға қарсы шығып жатыр, қарсы шығуды жалғастырады".