Bugin

Стив Джобстың өлер алдында айтқан соңғы сөзі

Apple компаниясының негізін қалаған Стив Джобс – заманымыздың қайраткері

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Компания әлемдік топқа енсе де миллиардер қарапайыпдылығын жоғалтапаған. Әлемдегі ең бай адамның өлімі алдында айтқан сөздері әлеуметтік желіні шарлаған еді. Тағы бір мәрте еске түсіріп көрелік. Қолында ақша да, билік те бар, алайда өлім аузында жатқан Стив Джобс неге алаңдаулы болды?

Мен бизнес әлемінің биігіне жете алдым. Көбісі өмірімді тұнып тұрған сәттіліктің көрінісі деп ойлайды.

Бірақ, мойындауым керек, жұмыстан өзге бақытты сәттерім аз болды. Жалпы, байлық өмірлік факт қана, ал мен сол фактіге бойұсынған адаммын.

Дәл қазір аурухана төсегінде жатқан мына менің бүкіл өмірім көз алдымнан өте шықты. Байлық, атақ дегендер өлімнің алдында әлдеқайда дәрменсіз екен.

Қараңғыда көзіме түскен өмір үшін күрес аппаратындағы жасыл жарық, құлағымдағы механиканың даусы өлімнің жақын екенін сездіре түседі, Құдайдың тынысын естимін. Қазір қолымда ақша көп, ал мен байлықты ойлағым келмейді.

Өмірде одан да маңызды дүниелер бар. Бәлкім, бәзбіреулер үшін ол қарым-қатынас, ал өзгесі үшін өнер немесе өзге де шексіз армандар...

Пайданы көздеп басқан әр қадам адамды ойыншыққа айналдырады. Мен де сондай ойыншыққа айналдым. Жақындарымызға махаббатымызды жеткізу үшін Құдай бойымызға ерекше сезім сыйлады.

Қасықтап жинаған байлығымды өзіммен көрге алып кете алмаймын. Өзіммен әкететінім махаббатқа толы естеліктер ғана. Сізді алға жетелейтін, күш беретін нағыз байлық сол.

Махаббат қашықтықтарды жеңе алады. Өмір шексіз. Қалаған биігіңізге шығыңыз, жүрегіңіз нұсқаған мекенге барыңыз, бәрі өз қолыңызда.

Ақшаңыз көп болса, аяғыңызды жерге тигізбей көтеріп жүретін адамдарды жалдай аласыз. Бірақ ешбірі сіздің дертіңізге дауа бола алмайды.

Материалдық заттарды қалаған уақытыңызда қайтара аласыз. Бірақ өмірді ешқашан...

Көрге кірерде жасыңыздың да, жетістігіңіздің де түк маңызы қалмайды.

Бар байлығыңыз отбасыңызға, сүйіктіңізге, жақындыраңызға, достарыңызға деген махаббат.

Өзіңізді күтіңіз. Өзгелерге қамқор болыңыз.