Bugin

Израилде соғыс ардагерлеріне мемлекет секс-терапия ұсынады

Секс-терапия – жыныстық денсаулықты қалпына келтіру көп елде даулы әдіс боп саналады. Алайда Израилде мұндай емдеу түрі ауыр жарақат алған және жыныстық оңалтуды қажет ететін әскери қызметкерлер үшін мемлекет есебінен төленеді. Бұл туралы BBC.com-ның журналисі анықтады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Израилдік сексопатолог Ронит Алони секс-терапияны қолдайды. Оның кабинетінің жанында арнайы осы процедурағларға арналған бөлек орын бар. Ол жерге үлкен диван мен майшамдар қойылған. Алони науқастарын "емдеу" үшін арнайы адамдарды жалдайды екен. Олар адамдарға жыныстық-қарым қатынас "өнерін" теория ретінде ғана емес, практика жүзінде үйретеді екен.
 

"Бұл жер қонақ үй сияқты емес. Қарапайым үй, пәтер дер едім", - дейді Алони. Төсек, CD ойнатқыш, жеке душ бар, ал қабырғалар эротикалық өнер туындыларымен безендірілген.

"Секс-терапия –  бұл ерлі-зайыптыларға арналған терапия, серіктес болмаса, процесті аяқтау мүмкін емес. Кейде клиенттер жалғыз келеді. Сол себепті біз адам жалдаймыз", – деп түсіндірді дәрігер.