Bugin

Орыс шіркеуі жын-шайтанға қарсы күресті заңдандырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейдің православтық шіркеуі жын-шайтан қуу практикасының талабы жазылған құжатты жариялады. Экзорцистің көмегіне жүгіну үшін шарттарды сақтауыңыз қажет. Мысалы, смартфонды сөндіріп қою, диктофонсыз, фотоаппаратсыз келу. Тіпті айфоны бар азаматтарға жын-шайтан қуушылар күмәнмен қарайды. Себебі олардың ойынша, айфон – "жын-шайтандық” марка. Жын қуушы толық аты-жөнін айтпайды. Тек өзін “Құдайдың құлы Петр. Осының өзі жеткілікті” деп таныстырады. 

BBC.com-ның орыс қызметі аталмыш құжаттың 8 парағын оқып шығыпты. Нәтижесінде мынандай ақпараттар белгілі болды: жын-шайтанды қуғысы келген адам архиерейдің рұқсат алуы қажет, бұл қызмет тегін, жын-шайтанға бой алдыртқан және психикалық ауруы бар азаматты ажырата алу керек. Бірақ бұл қалай ажыратылатыны анық жазылмаған.