Woman
Жиі байқайтын дүниелерден сыр шерттім
Ғашықтық мені адастырды. Жүзіме қуаныш, көңіліме шуақ сыйласа да, көзімді қара шәлімен орады.Қараңғылық. Көзімді ашып тұрмын ғой, бірақ қараңғы. Күн қайда , маған сәуле боп шашылған махаббат шуағы қайда кетті ?! Түсініксіз. Әлде мен сүймегенді сүйді деп , сезім шырынын ішпегенді масайды деп жүрмін бе? Жоқ , бізде бәрі шынайы болды. Тек , бір сәт тумастан бұрын...
Қазан айының ортасы еді. Алматының күңіренген күзінде көшеде жалғыз келемін. Денемді суық бойлап, белгісіз бір күш мені өзге әлемге жетектеп әкетіп бара жатқан секілді. Жаңбыр басталды, мен әлі де көшеде жаяу жүрмін. Бұл маскүнемдік күйімнің себебі сатылмайтынды сатып, өзгеге берілмейтінді жалға беруім. Ішімнен ызаланып күліп келемін. Бұнің бәрі былай басталған...
Құрбыларыммен бірге дүкен аралап жүрміз, көңіл -күйіміз тамаша (әдеттегі қыздардың ермегі ғой) көзімізге көрінген шүберекті киіп көріп сұлулықтың әлемінде қалықтап жүрміз(не деген құштарлық десеңші). Бір сәтте жанымызға бір сұңғақ бойлы келбетті жігіт келіп " Сізге жарасып тұр" деп жымия қарады, назары көйлекте болған қыздардың көзі жігітте. Бірақ мен бұл кісіге аса мән бермедім. Сауда орталығынан керегімізді алып жүргенде кеш батқанын да байқамаппыз. Солай көшеге шығып көлік тоқтаттық, қарасақ бағанағы жігіт екен, міне сәйкестік деп үйге апарып тастауды сұрадық. Көлік ішінде өлі тыныштық (бұрын таксист болған жігіттердің ешбіреуінен ондайды байқамаппын, бәрі адамның мазасын алып, жол бойы сөйлеп келетін еді ). Таңқалып үйге кіріп кеттік. Біраз күн өтті, бірде қайтадан бағанағы жігітті сауда орталығында байқадым (ол да мені байқаған секілді). Сөйтіп жаныма келіп амандасып, сөйлесіп кетті. Біз жақын араласа бастадық. Ал менің құрбым сол кезде ағамның ғашығы еді. Бірақ...
Ол өткендегі жігітті ұнатып қалған секілді, сол туралы жиі айтатын. Құрбым әлі күнге дейін, менің онымен тілдесіп жүргенімді білмейді. Бірде, жақын құрбым ғой, одан жасырғаным болмас деп мән-жайды айттым , ал ол болса...
Бірнеше күн өтті құрбым менімен жақын араласуын тоқтатқандай, үндемейді, мені көрсе болды көңіл - күйі түсіп кететін сияқты. Мәселенің анық қанағын білейін деп сөйлескім келді, ал ол болса бірден " мен сенің ағаңды сүймеймін, ол мен үшін "әмиян" болды" - деді. Қаным басыма шапты, жаныңда жүрген жақыныңның олай дегені ауыр тиеді екен. Мен қалайша ағамды осындай сұмпайы қызға бердім екен деген ой туды. Түсінбей, жиіркенішпен бетіне қарадым. "Сенің жаңа танысың да менімен бірге жүргенді ұнатады" - деді. Осындай адамдармен бір секунд та бірге тұра алмайтынымды түсіндім. Құрбым әлгі жігітпен жақсы сөйлесетін, сөйтіп, ағамның жүрегінің аман қалуы үшін өз махаббатымды құрбыма осылайша жалға бердім, әлде сатып жібердім бе...