Hi-Tech

Көктемгі презентация: Apple ұсынған жаңа өнімдер

Кез келген затты тауып бере алатын жаңа гаджет те бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жақында Apple компаниясы көктемгі презентациясын өткізді. Онда компания бұған дейінгі гаджеттердің өңделген нұсқаларын ұсынды.

Көктемгі презентация атап айтатындай жаңалықпен толыққан жоқ, алайда қызығарлық өнімдері де жоқ емес.

Күлгін түсті iPhone 12 және iPhone 12 mini

Бұл жолы Apple iPhone 12 смартфондарына жаңа түс енгізді. Күлгін түс расында ерекше көрінеді. Аталмыш смартфон алдағы жұмада сатылымға шығады.

AirTag трекерлері жоғалған затты іздейді

Гаджет кілтке арналған брелок секілді. Су өткізбейді, динамик орнатылған және Bluetooth LE сымсыз технологиясымен жұмыс істейді. Бұл құрылғы кез келген затты тауып бере алады, алайда адамды іздемейді. Құрылғы жұмысы құпиялылық ережелеріне сәйкес келетеінін компания ескерткен.

Батареямен жұмыс істейді, қолданушылар оны өздігінен ауыстыра алады.

AirTag гаджеті 30 сәуірде сатылымға шығады. Бір тегтің құны - $29. Ал төрт жиынтықты компания $99-ға бағалады.

Қайта жаңартылған iPad Pro

Сонымен қатар, Apple диагоналі 11 және 12,9 дюм болатын жаңартылған iPad Pro гаджетін де ұсынды.  Бұл iMac-та орнатылған M1 чиптің қуатымен бәсекелес болатындай чипі бар алғашқы iPad болмақ.Бұған қоса, планшет 5G-ті.

Жаңа iMac желісі

Жаңа iMac-та қалыңдығы 11,5 мм болатын 24 дюймдік 4,5K Retina дисплейі әрі M1 процессоры болады. Компьютер 7 түсте жасалған: күміс түсті, көк, күлгін, қызғылт, сарғыш, сары және жасыл.