МӘДЕНИЕТ

"Қатынды бастан" дегенді қалай түсінеміз: М. Тазабек айтып берді

Бүгінде ерлер арасында жиі айтылатын “қатынды бастан” сөзінің мағынасы бұрмаланып кеткендей. Көбісі мұны “қызды әйелдікке алғаннан тәрбиелеу” деп түсінеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ал айтыскер ақын, “Асыл арна” телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабек аталмыш сөздің ақ-қарасын ашып берді.

“Қатынды бастан” әйеліңмен басынан жақсы қарым-қатынаста болу деген сөз” дейді Тазабек Instagram парақшасында жариялаған видеосында. Сұхбаттан үзіндіні біз де келтірдік.

“Қатынды бастан” деген бас кезінен онымен жақсы қарым қатынас жаса, сыйлас, бас кезінен тәтті аузыңның дәмін кетірме. Басында қалай жақсы болса, ақырына дейін соны ұстап қалға тырысу деген жауапкершілік ол. Басынан үркітіп, қорқытып, жүрегінің уытын алу деп түсінбеу керек. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) айтады: “Ең жақсы еркек әйелімен жақсы қарым-қатынаста болған еркек”. Жақсы қарым-қатынас деген “подкаблучник” болу емес. Жүрсін Ерманның “мықтылығыңды әлемге дәлелдемес бұрын, әйеліңе дәлелдеп ал” деген сөзі бар. Әйелің “менің күйеуіме жететін еркек жоқ қой, шіркін” деп шын жүрегімен айтып жүрсе, сенің қоғамдағы беделің де, сөзің де, ісің де өз биігінде тұр. Себебі ошағыңның қасы оны дәлелдеген. Ал қанша жерден дүркіреп, күркіреп тұрғаныңмен, үйіңе барғанда жүнің жығылып, сөзің өтпей, торғайдай “есік қайда” деп жүрсең, бәрі жалған көрініс қана болып шығады”.