Денсаулық

Вакцинадан кейін тұмау тисе не істеу керек? Министрлік жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасынан кейін тұмау тиген жағдайда не істеу керектігін түсіндірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметованың айтуынша, екпеден кейін тұмау тигені анықталса, екі айдың ішінде екінші компонентін алуға болады.

"Бірінші екпеден кейін адам коронавирусқа емес, басқа бір инфекцияға шалдықса, толығымен жазылып шыққаннан кейін 60 күннің ішінде ванкцинаның екінші компонентін қабылдауға болады. Ал коронавирусты жұқтырса, алты ай өтуі керек", – деп келтірді Ахметованың сөзін Sputnik Қазақстан.

Осы орайда маман жүктілікті жоспарлау мәселесін де түсіндірді. Оның айтуынша, коронавирустың екі дозасын алғаннан кейін 1,5-2 ай өтуі тиіс. Сол кезде вирусқа қарсы иммунитет толығымен қалыптасады. Жүктілікті де жоспарлауға болады.

"Ал әйелдің вакцина салдырғаннан кейін жүкті болғаны анықталса, екінші компонентті алудың қажеті жоқ", – деді Ахметова.

Айта кетейік, бүгінде республика бойынша ресейлік "Спутник V" вакцинасы егіліп жатыр. Осы айдың соңында қазақстандық "QazVac" вакцинасының алғашқы партиясы өңірлерге жеткізіледі деген жоспар бар.