Bugin
Шымкентте жол жиегіндегі арықтан әйелдің мәйіті табылған.
Полиция қызметінің мәліметінше, тексеру барысында марқұмның 39 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені анықталды.
“Кісі өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіледі және соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады”, – деп нақтылады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды.