Bugin

Ақын Жәркен Бөдешұлы қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгілі ақын Жәркен Бөдешұлы дүние салды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда ҚХР-дың Тарбағатай аймағы, Толы ауданындағы Жайыр тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі – Жармұхаммед. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі болған. Әтүрлі басылымда ақынның "Аңырақай бекетіндегі ой", "Қарауыл төбе", "Генерал Жаһар Дудаев", "От пен су" ("Сорос- Қазақстан" қорының жүлдесі берілген), "Тас бесік", "Бостандықтың басы", "Шер", "Жалғыз" атты дастандары жарияланды.

 

Өліп, тірілу

Тағдырдың қуғынға сап өкпек желі,
Жоғалып кетсем керек көптен бері.
Ауылға біреу келіп үш жылдан соң,
Шекарада атылып кеткен деді...

Рас-ау, қарыс жерде қаза бар-ды,
Өксітті суық хабар жан анамды.
Туып-өскен ауылым күңіреніп,
Дұға оқып, шығарыпты жаназамды.

Р.S.Бұл күнде секілдімін бір тірі елес,
Енді менің өлуім мүмкін емес.