Bugin

6 дана қызғалдақ жұлған азамат 9 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Түркістан облысының Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары Ақбастау ауылы маңындағы жайылымдық алқаптан қолына бірнеше қызғалдақ ұстаған ер адамды байқап қалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл гүлдерді жұлуға заңмен тыйым салынған. Өйткені гүлдер қызыл кітапқа енген. Тексеру барысында күдікті Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Нұрлан Тұмабаев, облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:

Қазіргі таңда айғақты зат ретінде алынған 6 дана қызғалдаққа сараптама тағайындалып, оның қорытындысы гүлдердің грек қызғалдақтары екенін анықтады. Сондықтан бұл оқиға бойныша ҚР ҚК-нің 3 39-бабыменен қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, – дейді.