Bugin
Қалың көпшілік алдында сөйлеуге көп адам қысылады. Айтар ойын ұмытып, ақ тер-көк тер болып, тамағы кеуіп, нәтижесінде сөйлеген сөзі түсініксіз боп шығады. Жандарбек Бұлғақ – айтыскер ақын. Оның ораторлық өнерге арналған "Сөз менеджменті" атты кітабы 2021 жылдың наурыз айында жарық көрді. Сол кітаптан бірнеше кеңесті сіздерге ұсынамыз. Толық материалды Balbal.kz сайтынан оқи аласыздар.
Алдымен мақсатты айқындап алыңыз. Кімнің алдында қандай мақсатта сөз сөйлейін деп тұрсыз? Сөйлейтін сөзіңіз сол мақсатқа қарай жоспарлануы шарт. Мәтін дайындамай сахнаға шығып, тәуекелге бармаңыз.
Оратордың сөзі үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Уақытыңыздың 60%-ын негізгі бөлімге, 30%-ын кіріспеге арнаңыз.
Сахнаға шығатын киіміңізді ойластырыңыз. Қатты көзге түсетін аксессуар тақпаңыз. Арқаңызды тік ұстаңыз. Бүрісіп тұрған адам аудиторияны ешқашан сендіре алмайды. Әйел адам болсаңыз, тізеден жоғары киім кимеңіз. Ешқандай сызығы, жолағы жоқ шұлық таңдаңыз.
Сөйлеуге қанша минут берді? 20 минут па? Демек 19 минутта айтарыңызды айтып сахнаны босатыңыз.