Bugin

Q-pop фанаттарына берілген сыйлықтар есірткі арқылы келген бе?

"Х. есімді азамат есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының назарына 2020 жылдың қыркүйегінде түскен. Қолда бар деректерге сәйкес, топ құрамындағы ер адам бірнеше ай бойы Алматыда синтетикалық есірткі дайындаумен және өткізумен айналысқан.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы полициясы есірткі дайындау мен таратумен айналысқан топты ұстады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Polisia.kz-ke сілтеп хабарлайды. Топтың құрамында 21 жастан 30 жасқа дейінгі 10 адам бар. Топты 1994 жылы туған  Х. атты азамат басқарған. 

"Х. есімді азамат есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының назарына 2020 жылдың қыркүйегінде түскен. Қолда бар деректерге сәйкес, топ құрамындағы ер адам бірнеше ай бойы Алматыда синтетикалық есірткі дайындаумен және өткізумен айналысқан. Х. және оның "көмекшілерінің" қылмыстық әрекеті ресми түрде құжатталған. Оның әр көмекшісінің рөлдері нақты бөлінген. Мысалы, үш адам, олардың бірі – қыз, логистикалық компания арқылы Ресей Федерациясынан синтетикалық есірткілерді дайындауға арналған компоненттерді жеткізуге жауапты болған. Өздерін "Кассир" деп атайтын тағы 2 адам тапсырысты қабылдауға және кепілгерлермен жұмыс істеуге жауапты болған, тағы төрт ер адам – Наурызбай, Бостандық және Алатау аудандарына есірткі тасымалдайтындар", – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Айта кетейік, желіде таралған видеода ұсталған жастар q-pop өкілдері болуы мүмкін деген болжам бар. Нақтырақ айтсақ, MadMen тобының 2 әншісіне қатты ұқсайтын жастар видеода бой көрсетеді.