Bugin

Машкевич: «Қазақтар Назарбаев үшін Құдайға шүкір десін»

Бүгін онлайн режимде әлеуметтік жобалар туралы форум өтіп жатыр. Форумды ұйымдастырушы – Нұрсұлтан Назарбаев қоры. Форумның тақырыбы – «Мемлекет, бизнес және КЕҰ: Тұрақты даму жолындағы бірлік пен әріптестіктің 30 жылы».

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Аталмыш форумға қатысқан олигарх Александр Машкевич: «Қазақстандықтар Қазақстан секілді елде өмір сүріп жатқаны үшін Құдайға шүкірлік айтуы керек», - депті.

«Мен қазір Бразилиядамын. Мұнда біздің компаниямыз ең ірі жобалардың бірін жүзеге асырып жатыр. Қазақстанның көптеген азаматтарының мен жүріп өткен оншақты елді жүріп өткенін қалар едім. Сонда олар өз елінде (Қазақстанда) тұрып жатқандарына Құдайға шүкірлік айтып, объективті баға берер еді.

30 жыл бұрын Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев патерналистік, әлеуметтік бағытталған мемлекет моделін құрды. Ол модель күні бүгінге дейін өмір сүріп келеді. Мемлекетіміз әрбір азаматтың жағдайына алаңдап, олардың әрқайсысының бақытты болуы үшін барын жасап жатыр. Өткен жылғы пандемия іс жүзінде әлемді өзгертті. Кез келген мемлекеттің экономикалық моделіне өте қауіпті стресс-тест болды. Біз Қазақстаның экономикасы мен әлеуметтік моделі бұл сынақтан қалай өткенін көрдік. Мен Елбасыға осындай модель құрып бергені үшін алғыс айтқым келеді», - дейді Машкевич.