Bugin
"Limon.Kz" туристік компаниясының бірлескен меншік иесі Алмас Маратұлы инстаграмында осындай пост жазды.
Автор жазбасын 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында "Аль-Каида" ұйымы жасаған аса қасіретті террорлық актіден кейін әлемдегі барша мұсылман халқы террорист атанды деп бастайды. Салдарынан "Оразасын ұстап, намазын оқыған, садақасын беріп, дұғасын тілеген жамандық атаулыға еш қатысы жоқ қарапайым мұсылмандар қатты жапа шекті"-, дейді.
Ары қарай Алмас Маратұлы өзіне бірнеше адамнан "Mad Men" тобының аса ірі көлемде наркологиялық-химиялық препараттар дайындағаны, сақтағаны туралы видеолар келгенін жеткізді.
Автор бұған: "Бұл ақпаратты ауыр қабылдадым. Себебі сөз Q-pop бағытына тиді. "Mad Men" бұл бағытта ән айтатын жүздеген артистердің бірі ғана. Олар Q-pop-тың Аль-Каидасы" деп пікір білдіріп, жазбасын аяқтады.
Айта кетсек, кеше ғана Алматы қаласында есірткі ісімен айналысқан деген күдікпен бір топ адам тұтқындалған болатын. Олардың қатарында белгілі болғандай дәл осы "Mad Men" тобының әншілері де бар. Әзірге күдіктілер тергеу изоляторларына қамалды.