Bugin

Қазақ боксшысы өзбектердің сағын сындырды

Боксшы Бекзат Нұрдаулетов өз бабында

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бокстан Санкт-Петербург губернаторының кубогы бәсекесінде отандасымыз Бекзат Нұрдәулетов жартылай финалда өнер көрсететін болады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Бекзат 81 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Дилшод Рузметовпен ринг бөлісті. Төрешілер жеңісті бірауыздан отандасымызға берді. Осылайша ол келесі кезеңге өтті.

Екі боксшы дәл екі жыл бұрын әлем чемпионатының финалында қолғап түйістірген. 2019 жылы көршілес Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен додада 22 жастағы Нұрдәулетов сенсация жасап, топ жарған болатын.

Еске сала кетейік, халықаралық турнирде әлемнің 15 елінен келген 100-ге жуық спортшы бақ сынап жатыр.