Bugin
Ковидтің өршуі барлық салаға зиянын тигізіп жатыр-мыс
Францияда коронавируспен ауырып, дәм сезу қабілеті кеміген дегустаторлар қиналып жүр екен.
Мысалы, шараптың дәмін айыратын мамандардың үштен бірі иіс пен дәм сезе алмай жүрміз деп налыды. Енді жұмыссыз қалып, тіпті ел президенті мен премьер-министрден өздерін вакциналау бойынша басымдық берілетін топқа қосуды өтініп, сұрау салды.
"Біздің саладағы мамандар өздерін аспабы жоқ музыкант секілді сезінеді десем артық айтпаған болармын. Өйткені олардың басты жұмыс құралы – бұл дәм сезу қабілеті. Біразы одан уақытша айырылып қалды. Кейбірінде әлі толықтай қалпына келген жоқ. Сондықтан 10 шақты күн бұрын президенттен бізді осал топқа қосуын сұрап, хат жолдадық. Сонда екпенің кезегі ертерек келіп, вирус әлі жұқтырмаған мамандарымыз еш алаңдамай жұмысын жалғастыра беретін еді", – дейді Франция энологтар қауымдастығының президенті Дидье Фейджс.
Дереккөз: 24.kz