Bugin event

«Өте маңызды» кітабының тұсаукесері өтеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2021 жылдың 23 сәуір күні белгілі кәсіпкер, меценат Дулат Тастекейдің «Өте маңызды» кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді. Шараға автордың өзі, зиялы қауым өкілдері, белгілі кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері қатысады.   
 
«Өте маңызды» кітабында кәсібін шағын несие ұйымынан бастап, Қазақстанның барлық өңірінде филиалдарын өркендетіп, қаржы компаниясына айналдырған кәсіпкердің бизнес жолы, жеке тәжірибесі, түйгендері мен білгендері қамтылған. Бұл кәсіп бастауға ниетті кез келген оқырман үшін пайдалы туынды болмақ. Кітап AmalBooks баспасынан 2000 данамен басылып шықты. 
 
 
Тұсаукесер рәсімінің өтетін уақыты мен жері: 23 сәуір, 18:30-20:30 аралығы, Әл-Фараби 142, «Ариал» гольф клубы