Bugin

"Қазақ дейтін ұлтқа "Қызыл Кітаптан" орын дайындай беріңіздер..."

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Журналист Нұр-Алтай Өмірзақ өз инста-парақшасында қызғалдақ жұлуға қатысты жазба жариялады. 

  "Санаға бермесе, құдайға не дейсің?! Осындай санасыздығымыз үшін әділетсіз билікті құдай бізге берген шығар. Өзімізден 100 есе кіші халқы бізбен шамалас Голландияға мазақ болып жүре берейік. Қызғалдағымызды көбейте алмай жүрсек, бұлар кеп жұлады.  Жұлынған қыз ғұмыр - қызғалдақтар-ай! Қыздарымыздың ғұмырын да осылай жұлып жүрміз-ау..." , – деп жазды журналист.

Бұл жағдайды журналист Аяжан Еділованың өлімімен де байланыстырды. 

"Қала берді "Қызыл кітапқа" енген гүл болса,  19 миллионға да жетпейтін халқымыз үшін 19-ға да жетпей қаза болатын қыздарымыз көбейсе, онда қазақ дейтін ұлтқа "Қызыл Кітаптан" орын дайындай беріңіздер...", – дейді ол.