Білім және ғылым

Жастар неге кітап оқымайды?

Қазіргі жастар көбінесе мотивациялық кітаптар, танымал адамдардың кітаптарын немесе орысша кітаптар оқығанды ұнатады. Не себептен деген сауал туындауы мүмкін.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жастардың неліктен кітап оқуға деген қызығушылығы жоқ? Менімен қатарлас достарым, көбінесе орыс жазушылардың кітаптарын оқығанды жақсы көреді. Не себептен орыс әдебиетін оқисыздар?- деген сұрақ қойдым. Достарым, «орыс жазушылары нақты, әрі қысқа жазады және оқығанда жеңіл дейді. Ал қазақ әдебиетіндегі кітаптар: көбінесе күрделі әрі ұзақ. Мысалы, қай кітапты алсақ та, дастархан басында шай ішіп отырған қазақтарды кітапта , 5-6 бет қылып жазады. Кесесін алды, маңдайындағы терлеген терін сүртті не болмаса тағы сол секілді. Ал орыс классиктері шай ішкенді кем дегенде жарты бет не бір жарым бет болады» – деп ойын айтты. Шындығында достарымның айтқан ойы орынды. Бірақ маған қазақ жазушыларының кітаптары сонысымен қызық. Кейбір оқырмандармен сөйлессем, кітап бағасы қымбат дейді. Көбінесе кітапты студенттер оқиды, бірақ бағасы қолжетімді емес деп назын айтады. Бір жағынан біз жазушыларды түсінуіміз керек секілді, себебі оларға қаламақы төленбейді. Өз қаражаттарымен кітап шығарады. Не себепті шындығына келгенде өзі жазған кітабына қалаған бағасын қоймасқа. Екі тараптында ойы орынды. Ал кейбірі, онлайн форматта электронды нұсқада кітап оқыған ұнайды дейді. Кітапханаға барып, уақытынды жұмсағанша немесе кітап сатып алып ақшанды құртқанша электронды кітаптар оқимын дейді. Өз басым қазақи кітаптар, яғни қазақ жазушыларының кітаптарын сүйіп оқимын. Кітап маған қызық болса, кемінде 1-2 аптада бітіремін. Соңғы оқыған кітабым Шыңғыс Айтматовтың «Жан пида» деген кітабы. Бұл кітапты оқу барысында көп нәрсе түйдім. Адамдардың қасқырларға жасаған қиянаты немесе ақбөкендерді ақша үшін аяусыз атуы тағы сол секілді ақша үшін адамдардың не нәрсеге болмасының баратынына көзім жетті. Өзімді басқа жағынан көрейін деп, орыс кітабында сатып алдым. Әй, қайдам ол кітап мені қызықтырмады ма? Әлде менің ол кітапқа деген қызығушылығым болмады ма, әйтеуір ол кітапты бастап, аяқтамадым. Жастарға кеңесім, қызықты әрі көп кітап оқыңыз. Кітап оқыған сайын, өмірге деген көзқарасыңыз бен қызығушылығыныз оянады. Және сіз жан-жақты бола бастайсыз. Тіпті сөздік қорынызда кеңейе түседі. Өзіңіздің кітап сөренізді қызықты кітаптармен толтыруға тырысыңыз.