Bugin

Навальный түрмеде неге “Культура” арнасын көреді?

 "Елімізді қара түнек қаптамақшы. Жыл өткен сайын кедейленіп барамыз. Көшеде шыққан халық мұны біледі. Олар өз болашағын, ұрпағының болашағын, ел болашағын Кремльдегі шалдарға табыстамайды. Ресей бақытты болады”

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

15 сағат бұрын түрмедегі ресейлік оппозиционердің инстаграмында пост пайда болды. Навальный жазбасында былай дейді: 

“Қазір менде теледидар ғана бар. Бірақ оның пульті жоқ. Ол тек “Культура” арнасын көрсетеді. Күніне бір рет сол “Культураны” көре аламын. Адвокатым кеше не болғаны жайлы айтып берді.

Мені мақтаныш кернеді. Менде үміт пайда болды. 
Қазір қорқу - бұл жарқын болашағыңнан бүгін бас тарту деген сөз. Кеше менімен бір болдыңыздар. Бүгін мен сіздермен келе жатқанымды елестетемін.

 
Елімізді қара түнек қаптамақшы. Жыл өткен сайын кедейленіп барамыз. Көшеде шыққан халық мұны біледі. Олар өз болашағын, ұрпағының болашағын, ел болашағын Кремльдегі шалдарға табыстамайды. Ресей бақытты болады”.