Саясат

Іштегі шер

Зәрін төгер айждаҺадай әкімбайлар астына Лексус мініп, көкебайлар халықтың бес тиыннын бес күн санап, бес жүз мың деп көкиді жақыбайлар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Іштегі шер

Жұмысын құрғақ тілмен реттейді,
Сиқыры неше түрлі көз жетпейді.
Сөзінде бостандық жоқ халық ғана,
Түзелетін шындығы өтірікке.
   
Зәрін төгер айждаҺадай әкімбайлар,
Астына лексус мініп көкебайлар.
Халықтың бес тиыннын бес күн санап,
Бес жүз мың деп көкиді жақыбайлар. 
 
Ақордада асулы күнде қазан, қайнауы жоқ,
Түйінің шешімі жоқ гуілдесер.
Көзіне халықтың перде жауып,
Айламен қарғы салып аҺ ұрғызар.
   
Жетіліп өтірікпен дәрежесі,
Жақсы-жат, жаман-туыс.
Шайтанымен өмірін өткізеді,
Аранына құл болып ақыр өлер. 

Қарақұстай мінберде жақыбайлар,
Халықты өктемдікпен коршап отыр.
Көр қазып халықты жалтаңдатып,
Үреймен алақанда ұстап отыр.
  
Түзелуі не тәйір, бұлғаңғасын жүрегі,
Халық үмітін ақтай алмағаны,
Сұр жыландай, іші зәрлі,
Уыт жайып жүргені.

Топтасып көшеге күнде шығып,
Не өзгертіп аласың жамандардан.
Олардың қолында зор биілік,
Ата заңнан олардың басы биік.

Есеп береді қисынсыз,
Жалғанды шынға баласа.
Қулыққа тойған қойыны,
Халықты алдайды балаша.

Ел болам дейді мәңгілік, 
Есіңде болсын қарағым.
Арамдық болмайды мәңгілік.
Соңында жеңбек әділдік.

Бір патшаның есімін,
Көлеңкелеп тастайды,
Әлихан аты көсемім.
Сондықтан қоймайды, ақ ордаға есімін.

Маған ұят, сізге ар,
Қарағанды қаласы,
Октябрь ауданына,
Қоя алмадық ұлы Әлихан есімін.


Жуаны қылған зорлық,
Момыны көрген корлық.
Сайтанға иген мойын,
Мәжнүн қылды ойын.

Ақтардым ішімдегі жырымды,
Бір тарқатып алғандаймын шерімді.
Айта берсем толып жатыр,
Бұл заманда жұрттың хәлі.

Өз әлімше сынадым,
Сіз қалай деп ойлайсыз?
Мен көргенді көрсеңіз,
Бір орында тұрмайсыз.