Экология

Ауыз су «ақылды» жүйеге көшті

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШСнің басшысы Анарбек Орман Мұрат Әйтеновпен кездесті.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС басшысы Анарбек Орман қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесті.«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпорындарға 3,7мың ақылды су есептегіш құралдары орнатылатынын айтты.

Жалпы,коммерциялық құрылымдардың 86 пайызына адам факторының қатысуынсыз қызмет көрсетілетін болады. Алдағы 5 жылда қала тұрғындарына ақылды су есептегіштер орнату жоспарда. Қазіргі таңда 7243 қала тұрғындары «IC-card» ақылды су есептегіш пайдалануда. Қала әкімі су жүйелерін толығымен 100 пайыз автоматтандырсақ қана сапалы қызметке қол жеткізілетінін айтты. Осы орайда 2025 жылға дейін Шымкент қаласын су, кәріз жүйесімен қамтамасыз ету туралы стратегиясына қол жететіндігін атап өтті.