Bugin
Далай-лама мәлімдеме жасады
Будда дінінің көшбасшысы саналатын Далай-лама экологияның бұзылуы Жердегі бүкіл тіршілік иесіне қауіп төндіретінін мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Далай-лама Халықаралық Жер-Ана күніне орай мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, қоршаған ортаны қорғау жолында барлық адам баласы бірігіп күресуі қажет. Әйтпегенде апаттың алдында тұрмыз деп мәлімдеді.
"Әрқайысымыз тек өзіміздің, отбасымыздың не еліміздің жағдайын ғана ойламай, барлық адамзат баласы үшін қызмет етуге үйренуіміз қажет", - дейді Далай-лама.
Еске салайық, 2009 жылы Боливияның ұсынысымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 22 сәуірді Халықаралық Жер-Ана күні деп бекітті.