Әлем жаңалықтары

Жыл коллабы: McDonald’s және BTS жанкүйерлеріне тосын сый әзірлеуде

Қош бол, диета... Фастфуд мейрамханасы Макдональдс, 19 сәуір күні, корейлік поп тобы, БТСпен коллаб болатыны жайлы хабарлады. Жаңа “BTS-meal” мәзірін Макдональдс мейрамханаларынан осы жылдың мамыр айында көре аламыз. Бұл туралы мейрамхананың Твиттердегі ресми парақшасында жазылды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

BTS. Олар кім? 

BTS – 2013 жылы Big Hit Entertainment-пен құрылған оңтүстік кореялық бойзбенд. Дебют алған күндерінен бастап ерекше назарға ілінді. Сүйкімді келбет пен керемет дауыстары қыздардың жүрегін жаулады. Осы күнге дейін топ бірнеше жетістікке жетті. 2017 жылдың 21 мамырында BTS тіпті Джастин Биберді жеңіп, "Ең үздік әлеуметтік орындаушы" сыйлығын жеңіп алды. 2018 жылы олар екінші жыл қатарынан сол марапатқа ие болды.  

  Бүкіләлемдік махаббатқа ие болған к-поп орындаушыларының фандомы “Арми” деп аталады. Бірнеше миллион жанкүйері бар BTS-тің Макдональдспен коллаб жасағаны табынушылары үшін керемет жаңалық болды. Жаңа мәзір көhсетілімі мамыр айының соңына көзделіп отыр. 

  Ресей тізімге енбеді 

  "BTS-meal" - ді Оңтүстік Корея, АҚШ, Украина, Беларусь, Қазақстан және басқа елдердің Макдональдстерінде көруге болатындығы белгілі. Өкінішке қарай, Ресей бұл тізімде жоқ. Әлемнің 50-ден астам елінің тұрғындары "BTS-милден" әр түрлі күндерде дәм татып көре алады: АҚШ-та жаңа мәзір 26 мамырда, ал Оңтүстік Кореяда бір күннен кейін қол жетімді болады. 

  Пресс-релизге сәйкес, "BTS-meal " топ мүшелерінің әрқайсысының жеке қалауына сәйкес жасалған. Жаңа мәзір 10 дана Чикен Макнаггеттерден, орташа фри картобынан және орташа сусыннан, сондай-ақ тәтті чили соусынан және кореялық Макдональдс мейрамханасында жасалған “Cajun” соусынан тұрады. 

  BigHit фастфуд мейрамханасымен серіктестігін растап релизді асыға күтетінін мәлімдеді. “Топ мүшелерінің Макдональдспен байланысты ерекше естеліктері жетерлік. Біз, әрине, қобалжу үстіндеміз. Әлеммен тезірек BTS мәзірімен бөліскіміз келеді”, –деп жеткізді BigHit компаниясы.  

  Макдональдс ынтымақтастыққа қатысты барлық жаңалықтармен бөлісуге уәде берді. Сонымен қатар, Армилерді әлі де тосын сыйлар күтіп тұр деп қызықтырып қойды. Олай болса, асыға күтеміз!